jasqazaq.kz

Бопсалаушылар құрықталды (Видео)

14 маусым 2023, 10:45

Ақмола облысына қарасты Бурабай курорттық аймағында Ақмола облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері бопсалаушылар тобын құрықтады. Polisia.kz мәлімдеді.

«Полиция департаменті арнайы құрылымдары жауынгерлерінің және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің ауқымды арнайы операциясының нәтижесінде Щучинск қаласында Бурабай ауданының аумағында бопсалаумен айналысатын жас жігіттер тобының қылмыстық қызметі тоқтатылды.
Ұзақ мерзімді тексеру жұмыстары барысында бопсалаушылардың жергілікті тұрғындарды, негізінен жастарды мобильді банкинг арқылы ақшалай және тауарлық несие алуға мәжбүрлегендері, ал бас тартқан жағдайда зорлық-зомбылық көрсетіп қорқытқаны анықталды. Топтың қылмыстық іс-әрекеттерінің дәлелдемелік базасын жинау үшін ҰҚҚКБ қызметкерлері бірқатар арнайы жедел іс-шаралар өткізді. Соның нәтижесінде бопсалау, тонау, алаяқтық жасау және қылмыстық қақтығыстарға қатысу деректері анықталып, ресми түрде құжатталды және қылмыстық істерге тіркелді.
Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері тінту іс-шараларын жүргізіп, қатысушылардың ұялы телефондарын тәркіледі. 4 дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабының 1-бөлігі және 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.
Полиция бөліміне 8 айыпталушы жеткізілді, оның 4-еуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер ұсталғандардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың барлығын анықтау бойынша кешенді жедел және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр», – деп жазды Polisia.kz.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық