jasqazaq.kz

Қаржы пирамидасының тізімі жарияланады

22 мамыр 2023, 10:17

Қаржы пирамидасы есебінде қызмет көрсетеді деген күдікпен сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімі жария етіледі. Мұны қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті. Бұдан былай өз қаражатын инвестициялауды жоспарлаған қазақстандықтар компанияның сенімділігін Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізім арқылы да тексере алады.

«Айта кету керек, агенттік биылғы жыл басынан 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды. Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржы пирамидасы белгілері бар контентке жазылудан бас тартты. Азаматтарды қырағы болуға және ақша қаражатын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына (1458) хабарласа алады», – деп жазды агенттіктің баспасөз қызметі. Адамдар қандай да бір инвестиция салмас бұрын компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын ҚМА телеграм-бот арнасынан біледі.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық