jasqazaq.kz

Ағза донорына ақша төлене ме?

15 мамыр 2023, 14:41

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында донорлықты ынталандыру шаралары туралы айтылды. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басқару қағидаттары бойынша, жасушалар мен тіндерді, органдарды донор ретінде ұсыну ақысыз негізде, қандай да бір ақшалай өтемақы немесе ақшалай сыйақысыз жүзеге асады. Сондай-ақ, тірі донордың өзіне де туысқандарына да жасуша мен тінді, трансплантацияға арналған органды сатып алуға және сатуға тыйым салынған. Ағза алмастыруға туыстарының келісімі берілген, көзінің тірісінде ағзасын беруге білдірген ниетін egov.kz порталы арқылы растаған адамның донорлық органдары пайдаланылады», — деп жауап жазды Үкімет басшысының орынбасары депутаттардың сауалына. Алтай Көлгіновтің мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі Ағза донорлығы мен трансплантация қызметін жетілдірудің 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеп жатыр. «Оған үкіметтік емес ұйымдар да да тартылған. Осы жұмыстардың аясында донорларға мемлекет есебінен өтемақы төлеу және аталған саланың криминалдануына жол бермеу бағытындағы ықтимал қатерлер мәселесі қаралатынын» айтты вице-Премьер А.Көлгінов.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық