jasqazaq.kz

Банкроттық басталады бүгіннен

03 наурыз 2023, 12:20

Былтырғы жылдың 30 желтоқсанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға қол қойған болатын. 2023 жылдың 1 қаңтарынан ресми жарияланған заң бойынша бүгіннен бастап азаматтар банкроттыққа өтініш бере алады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі былтыр қазақстандықтардың банктер мен қаржы ұйымдары алдындағы берешек қарызы 14 триллион теңгеге жеткенін хабарлады. Оның ішінде тұтынушылық несие 8 трлн теңге. Ммелекеттік кірістер комитеті елімізде 1,5 миллионнан астам адамның қаржы институттарына берешегі бар, яғни қарызын төлей алмай жүргеніне 90 күннен асып кеткенін мәлім етті. Бір адамның атында бірнеше несие рәсімделгені және бар. Осындай тығырыққа тірелген адамдардың төлем қабілеті төмендеуі банкроттық туралы заңның қабылдануына әкеп соқты. Заң жобасын әзірлеу кезінде өзге елдердегі банкроттық жариялаудың тәжірибесі мен нормалары сараланғанын айтты әзірлеушілер. Банкроттық үш негізде рәсімделеді. Соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілетін қалпына келтіру. Банкроттыққа тек қарыз алушының өзі өтініш береді. Кредитор борышкерді банкрот деп жариялауына құқығы жоқ.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық