jasqazaq.kz

Месси келсе, қанеки!

02 ақпан 2023, 14:52

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қыруар ақша төленетін спортшыларға қатысты пікірін айтты.

«Чемпионаттарды, ірі жарыстарды көріп жүрсіздер. Футболдан өткен чемпионатта Месси бастаған топ жеңіске жетті. Мәселен, Аргентинаның ұлттық құрамасындағы Месси басқа бір бай клубта өнер көрсетіп жатыр. Сондықтан мұндай мықты ойыншылардың келуі ел чемпионатының күшеюіне мүмкіндік береді. Жеңіс тұғырынан көріну үшін өте мәнерлі әрі ұшқыр ойнайтын спортшылар керек. Дегенмен шетелден жаппай спортшыларды сатып алу дұрыс деп санамаймын. Алайда мықты ойыншылардың болуы халықаралық тәжірибе.

Шығынға қатысты тиісті аргумент бар. Біз екі жақты да тыңдауымыз керек қой. Егер «Барыс» клубында жай ойыншылар ойнайтын болса, онда клубтың керегі де жоқ. Арасында көшбасшы хоккейшілер болуы керек. Бірақ көрпеге қарай көсілген дұрыс. Бүкіл ақшамызды спортшыларға жұмсамай, тепе-теңдік табу керек. Біз бюджет есебінен танымал ойыншыларды тартуға қаражат бөлуді тоқтаттық».

JQ-Aqparat

21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті