jasqazaq.kz

Мүгедек қызды мұқатқан ба?

24 қыркүйек 2016, 14:57

s-4

Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінен шу шықты. Осы оқу ордасында үш жыл бойы тегін оқып келген мүгедек студент өзін мәжбүрлеп оқудан шығарды деп отыр.

Туғалы науқас Ләззат Қуандық үш жыл бойы оқу ордасының басшылығы мен оқытушылары өзін мазақ қылып, кемсітіп келгенін айтады. Ал оқу ордасының басшылығы шеттетілген студенттің сабақ үлгерімі нашар еді деп ақталуда.

Ақтөбедегі медицина мамандарын даярлайтын оқу орнының бұрынғы студенті университет басшылығын айыптауда. Туғанынан ДЦП дертімен ауыратын Ләззат Қуандық үш жыл бойы оқытушылардың мазағы болдым, үнемі кемсітіп қорлап келді дейді. Тіпті, биыл университет қабырғасынан аластатып жіберген. Екінші топтағы мүгедек қыздың айтуынша, оқу орны әрекетін былайша түсіндірген.

– “Сен неге тапсырасың? Сенің оқуға құқығың жоқ мұнда оқуға. Сен оқығаныңмен де денсаулығыңа, түр сипатыңа қарап, сені еш жер жұмысқа алмайды. Сен 7 жыл бекер оқып жатырсың, бекер уақытың кетіп жатыр. Кет басқа жаққа. Бірақ басқа жаққа кеткенде да сені еш жер алмайды деп”, – дейді екінші топтағы мүгедек Ләззат Қуандық.

Ләззат оқу ордасына түскен сәттен оқытушылар тарапынан кемсітетін сөздерді ести бастадым дейді. Тек оқуыма кері әсері тиіп қалар деп ешкімге тіс жармағанын айтады. Тіпті, Ләззаттың анасы да оқу орнының басшыларынан қызыма қатысты ауыр сөздерді естіп жағамды ұстадым дейді.

– “Деканның өзі айтты: апай, сіз қалай оқытып жүрсіздер мына баланы дейді да, бұл бала оқи алмайды ғой, оқымақ түгілі жүре алмайды ғой деп тұр ғой. Мен түсінбеймін, оның өзі сөйтіп айтып тұр, сонда басқа мұғалім қандай болады?”, – дейді Ләззат Қуандықтың анасы.

– “Оқу ордасының басшылығы тегін оқудан айырылған мүгедек студенттің жағдайына қатысты қандайда да бір мәлімет беруден бас тартты. Тек біздің сұрағымызға жазбаша жауап беретіндерін айтты”, – дейді тілші Жанар Қожанова.

Қуандық 3-курста 5 сабақтан емтихан тапсыра алмаған.  Білім және Ғылым министрлігі бекіткен медициналық оқу орындағы үлгерім деңгейін қадағалау мен бақылау ережесінің талаптарына сәйкес белгіленген деңгейге жете алмаған студенттер келесі курсқа көшірілмейді.

Енді екінші топтағы мүгедек қыз оқуын жалғастырғысы келсе, 3-курсты  ақылы түрде қайта оқуы керек. Бірақ жылына 700 000 теңге төлеп оқитын  Ләззаттың жағдайы жоқ. Далада қалған студент енді Білім және Ғылым министрлігінен көмек сұрайды. Арманы – грантын қайтарып алу.

stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық