jasqazaq.kz

Шымкенттің ерікті жастары бас қосты

08 шiлде 2022, 16:31

«Тау самалы» балалар демалыс лагерінде Шымкенттің ерікті жастарының екі күндік слеті басталды.

Оған қаладағы белсенді жас студенттер мен оқушылар қатысты. Барлығы да еріктілер қозғалысының мүшелері.

Басқосудың мақсаты – жастар арасында волонтерлік қозғалысқа деген қызығушылығын арттыру, волонтерлік ұйымдар арасындағы әріптестік байланысты нығайту, қаладағы ерікті топтардың басын қосатын ортақ алаңша қалыптастыру, олардың білімдері мен көшбасшылық қабілеттерін арттыру.

Екі күнге жалғасқан лагердің алғышқа күні жастарға арнайы «Soft skills» тұлғалық қабілетті дамытуға арналған және «Еріктілердің қоғамдағы рөлі» атты семинар-тренингтер ұйымдастырылып, түскі, кешкі ас және кофе-брейк берілді.

Жастар жиынына Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қатысып, еріктілерден құралған жас өнерпаздардың концертін тамашалады.

–«Ерікті» деген ұғым қазаққа жат емес. Ата-бабаларымыз бір істе бір-біріне қолдау білдіргенде барлығы бірігіп асарлататын болған. Сол «асар» сөзі бүгінгі еріктінің мағынасына өте жақын. Ендеше еріктілер қозғалысы қаламызда жандана беруі тиіс, — деді басқарма басшысы.

Ерікті жастардың қатысуымен өткен лагердің екінші күні мобилография мен фотография түсіру өнері бойынша мастер-кластар өткізіліп, түскі астан соң топпен спорттық жарыстар ойнатылды.

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Мағжан Исахов екі күндік слетте жастар топқа бөлініп, көшбасшылық қасиетті дамыту, адамдар арасында лидер атану бойынша дәрістер мен жаттығулардан өтіп, жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтармен марапатталатынын айтты.

Демалыс аймағындағы думанды басқосуда басқарма басшысы М. Шотанов жастармен бірге алау отын жағып, «галстуксіз» жағдайда түрлі тақырып аясында өзара пікір алмасты.

Тоқтар Жақаш

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық