jasqazaq.kz

Жол апатынан жарақат алған полицей қайтыс болды (видео)

19 наурыз 2022, 13:21

Атырау облысында жол апатынан жарақат алған полицей қайтыс болды. Бұл туралы   ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұдан бұрын Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 7 адам ауруханаға түскенін жазған едік.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты 16 наурызда сағат 08:30 шамасында «Атырау-Индер» бағытындағы тас жолда болған.

Аталған жолда келе жатқан «Toyota Camry» автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып, «Skoda» қызметтік көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан 7 адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Ауруханаға түскен 7 адамның бірі – полиция аға лейтенанты Асылан Қажкенов.

Кеше, 18 наурызда Махамбет аудандық полиция бөлімі полиция қызметкерінің қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты.

«Асылан Қажкенов 1989 жылы дүниеге келген. 2014 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық инженерлік университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдады. Ішкі істер органындағы қызметін 2019 жылғы қыркүйекте бастады. Бүгінгі күнге дейін Махамбет аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы лауазымын атқарып келді. 2022 жылы 16 наурызда «Атырау-Индер» тас жолында әріптесі, полиция аға лейтенанты Т.Сирановпен бірге жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметтік міндеттерін адал атқарды. Орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан дүниеден өтті», -деп хабарлады полиция бөлімінен.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жол апатының видеосы жарияланды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мой ГОРОД (@moigorodkz)

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық