jasqazaq.kz

Алматыда зейнеткерлердің құлағындағы сырғасын жұлып алған ер адам ұсталды (Видео)

21 ақпан 2022, 17:35

Алматыда 37 жастағы қарақшы өтіп бара жатқандардан ұялмай, әжелерге шабуыл жасаған. Оның іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

«Қаскөй өзіне қарсы тұра алмайтын 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 1984 жылы туған Б.есімді азамат. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған азамат әжелердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, одан түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты. Аталған дерек бойынша көп эпизодты қылмыстық іс қозғалып жатыр», – деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Белгілі болғандай, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Алматыға жұмыс істеуге келген. Қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған. Ол бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал тергеушілер оның бұрын жасаған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

polisia.kz`

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық