jasqazaq.kz

Алматыға қалың қар түсті

15 ақпан 2022, 9:59

Алматыда түні бойы қар жауды. Қазіргі сәтте қала аумағында қардың қалыңдығы 15-18 см, ал тау бөктерінде 30 см жетті.

Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жолайырықтарының кіре берістеріне мұз ерітетін қоспалар шашылды. Түнгі сағат 03.30-дан бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар күреу колонналары жолға шықты. Таңертеңгі «қарбалас сағатта» автокөлікті кедергісіз өткізуді ұйымдастыру үшін магистральды көшелерде және қаланың жоғарғы бөлігінде үш рет қар күрелді. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын тазалауда механикаландырылған және қолмен тазалау жұмыстары күшейтілді. Таңғы сағат 08.00 жағдай бойынша 330 шаршы метр шығарылды. Қарды тазалауға барлығы 616 бірлік арнайы техника, 1463 жол жұмысшысы жұмылдырылды, 2950 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазгидрометтің болжамынша, қар бүгін түске дейін жауып, түстен кейін тоқтайды. Ауа температурасы 15 ақпанда күндіз 0-3 градус аяз болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық