jasqazaq.kz

Көліктің ішіндегі қару елді шошытты (Видео)

14 ақпан 2022, 14:00

Алматы тұрғындарын супермаркет алдында автотұрақта тұрған көлік салонындағы автомат шошытты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Бостандық ауданында 13 ақпан күні түс ауа 15:30 шамасында болған. Гагарин даңғылы мен Есқараев көшесінің қиылысында орналасқан супермаркетке келушілердің бірі қызыл спорттық Mitsubishi көлігінің ішіндегі автоматты байқаған. Ер адам барлығын камераға түсіріп алып, кейін видеоны әлеуметтік желіге салып, полицияға хабарласқан.

Полиция бұл деректі дереу тексеруге кірісті. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жіберілді. Мән-жайды анықтаған кезде, автомат ойыншық болып шықты.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Специально для КрисПи | Алматы (@kris_p_almata)

«Көлік жүргізушісі анықталды, ол полицияға автоматқа ұқсайтын затты тексеруге рұқсат берді. Ол ойыншық болып шықты. Көлік иесі тиісті түсіндірме хат жазды. Ойыншық автомат баласына тиесілі екені анықталды.

Алматы полициясы белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтарға қырағылығы мен жедел әрекеті үшін, сондай-ақ қаладағы тәртіпті сақтауға көмектескені үшін алғыс білдіреді», — дейді Бостандық аудандық полиция бөлімінің басшысы Думан Аухадиев.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық