jasqazaq.kz

Ет қай өңірлерде қымбат?

01 ақпан 2022, 16:01

Қазақстанда ет бір жылда 9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда сиыр етінің бір келісі 2236 теңге болып тұр. Қой еті 2418 теңгеге, жылқы еті 2603 теңгеге дейін қымбаттады.

Ал тауық еті 6 ай қатарынан 1000 теңгеден қымбаттап жатыр. Қазіргі бағасы 1075 теңге болып тұр. Ал шошқа еті1855 теңгеден сатылып жатыр.

Қалалар бойынша ең қымбат ет Алматы мен Нұр-Сұлтанда сатылады. Елордада сиыр еті үшін ең жоғары баға — 2506 теңге. Бұл — барлық өңірмен салыстырғанда ең жоғары баға.

Елордадағы көрсеткіш:

қой еті — 2987 теңге

жылқы еті — 3015 теңге

тауық еті — 1208 теңге.

Алматыдағы көрсеткіш:

Алматыда сиыр етінің құны — 2325 теңге.

қой еті — 2920 теңге

шошқа еті — 2060 теңге

жылқы еті —2939 теңге

Еске салайық, жақында Алматы әкімдігі сиыр етін қаладағы орташа бағадан 13,5%-ға төмен түсіріп, келісін 2050 теңгеден сатып алуға болатын дүкендерді атаған еді.

Жалпы 2021 жылдың қорытындысы бойынша ет пен құс етінің бағасы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,6%-ға өсті.

Өткен жылы ет пен құс етінің бағасы бірден 14% өскен еді.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты