jasqazaq.kz

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

24 қантар 2022, 16:17

23 қаңтар, жексенбі күні йемендік хуситтердің «Ансар Аллах» қозғалысы Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында орналасқан Джизан қаласына баллистикалық зымыранмен шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ArabNews-ке сілтеме жасап.

«Хусит көтерілісшілері Джизан қаласына баллистикалық зымыранмен аяусыз шабуыл жасады. Бұл хуситтердің индустриалды аймақтағы әртүрлі ұлт өкілдерінің бейбіт тұрғындарына шабуыл жасауының үшінші әрекеті. Келтірілген шығын есептелуде», — делінген Сауд Арабиясы бастаған халықаралық коалицияның мәлімдемесінде.

Шабуыл нәтижесінде Судан Мен Бангладеш азаматтары болып табылатын екі шетелдік жарақат алды. Сондай-ақ, материалдық залал туралы хабарланды. Сауд Арабиясында атылған зымыранның бөліктері Йемен шекарасына жақын орналасқан Джизан қаласының Ахад әл-Масариха өнеркәсіптік аймағында құлады. Абу-Даби Вашингтоннан хуситтерді террористік топ деп тануды талап етті, ал 22 қаңтарда БАӘ Ішкі істер министрлігі ұшқышсыз ұшақтар мен жеңіл спорттық ұшақтарды жеке пайдалануға тыйым салды. Йеменде 2014 жылдың тамыз айынан бері үкімет күштері мен хуситтер арасындағы қақтығыс жалғасуда. Ол өзінің ең белсенді кезеңіне 2015 жылдың наурыз айында Сауд Арабиясы бастаған коалицияның елге басып кіруімен кірді. Жеті жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан қақтығыс әлемдегі ең ірі гуманитарлық дағдарысты тудырды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық