jasqazaq.kz

Тәуелсіздік кемесінде

15 желтоқсан 2021, 11:09


Біз бақытты ұрпақпыз. Қазіргі уақытта тәуелсіздік рухында тәрбиеленіп, білімді, өнерлі, өзгерістерге икемді ұрпақ қалыптасып, еліміздің одан әрі өркендеуіне үлес қосудамыз. Тәуелсіздік — біздің ұлттық тілдің, салт-дәстүріміздің, күші, тірегі, алтын діңгегі болып табылатын мәңгілік рухани құндылығымыз.

Биыл тұғыры биік Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ғимаратында 10 желтоқсан күні Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия колледжі — ЮНЕСКО Клубы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының құрметіне арналған «Тәуелсіздік кемесінде» атты шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды, осы көрме арқылы жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық қолтаңбасын, өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу. Сонымен қатар жастарға Тәуелсіздіктің қазақ халқына оңай жолмен келмегендігін, Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды
насихаттау. Жастар бойында шынайы патриотизм, сана мен Руханият сезімдерін қалыптастыру. Тәуелсіз мемлекеттің жетістіктерін насихаттау және оның ертеңгі болашағына деген сенімін арттыру. Дарынды жастардың еркін шығармашылығын дамыту, шеберлердің көркемдік талғамы мен кәсібилігін жетілдіру. Яғни, өнер шеберлерінің шығармашылық қызметін насихаттау арқылы, көрмеге қатысушылар мен келушілердің көркемдік және эстетикалық талғамын қалыптастыру. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің, мәдениеті мен өнері дамыған мемлекеттің келешегі кемел, болашағы әрдайым жарқын екенін көрсетіп отыр. Көрермендерге 120 жұмыс 30х30 өлшемдегі форматта кескіндеме, мүсін, графика, дизайн және сәндік-қолданбалы ұлттық қолөнер салаларының қайталанбас туындылары ұсынылып отыр. Көрмеде колледж студенттері, түлектері және педагогтары кең-байтақ отанымыздың мәдениетін, өнерін, күшін, дамуын, Еліміздің Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығысындағы әдемі табиғаты мен қалалық пейзажын қылқаламмен жеткізген. Көрме өзінің концепциясымен және көркемдік құрылымымен толық үйлесім тапқан. Туындылар тақырыбы, идеясы, мазмұны, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және композициялық түйінін тауып, жастардың шығармашылық жігерін нығайтуға арналған.

Бүгінгі көрменің салтанатты ашылуына: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі,Өнер саласындағы жоғары және орта білім беру мекемелерінің басшылары,Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы, Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы қаласы Бостандық ауданы Әкімдігінің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімше басшысы,
Өнер қайраткерлері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, мектеп-интернат, колледж ұжымы қатысты. Көрменің ашылу салтанатында қонақтар: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Қуанышұлы Абзал, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы Өкілдігі жобаларының бас координаторы Ершиманова Гульнара Орынбасаровна, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық өнертанушылар ассоциациасының мүшесі, профессор Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлы, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қайранбаев Жұмақын, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекботаев Нүркен Жолбарысович, «Қазақстан Республикасының көркем академиясы» президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақанаев Амандос, Ә. Қастеев атындағы МӨМ директорының көрме қызметі және сыртқы байланыс жөніндегі орынбасары Хожамуратова Алтынжан Сәрсембайқызы, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері Байділдә Бауыржан, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, өнертану магистрі, өнертанушы Ыдырыс Зухра құттықтау сөз сөйледі.
«Биыл 30 жылға толып отырған қастерлі Тәуелсіздігіміздің тағы¬лымы мол тарихын насихаттау барысында символикалық тұрғыда көрмеге қатысушы шығармашылық тұлғалар, 30-да 30 өлшемдегі форматпен әртүрлі шығармашылық сипаттағы және көп қырлы техникада жұмыс жасаған. Шағын көлемдегі жұмыстарда тәуелсіздігіміздің және ел тарихының тереңнен тамыр тартқан тақырыптар шешімін тапқан. Ұсынған жұмыстардан еліміздің ұлттық құндылықтарын тереңінен үңіліп, бабалар тарихын насихаттай отырып, бастау алған туындылар түрлі жанрда жасалған, портрет, мүсін, зергерлік бұйымдар, тоқыма, киіз т.б түрлі технологиялық мүмкіндіктерін шеберлікпен ұштастыра отырып, заманауи жаңалықтармен жандандырған үлгілерін көрдік. Бұл колледж шығармашылық ұжымының үлкен ізденістерінің нәтижесі, барлық туындылар көрермендер көңілінен шықты деп ойлаймын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Қоры еліміздің мәдениетінде маңызды рөл атқаратын мәдени орын. Сол жерде студенттердің жұмысы өздеріне білім беріп жатқан аға буын ұстаздармен қатар көрмеге қойылуы, бітіріп кеткен түлектердің де жұмыстары қойыла отырып, ұрпақтар сабақтастығының, және де ұстаз, шәкірт арасындағы тәжірибелік байланысты, тәжірибе алмасу үлгісін көре отырып, осындай шығармашылық ұжымының бірлескен бірліктегі тамаша жұмыстарын тамашаладық. Бұның барлығы колледж басшылығының өз ұжымын өте сәтті ұйымдастыра білуінде деп ойлаймын»,- деді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, өнертану магистрі, өнертанушы Ыдырыс Зухра өз құттықтау сөзінде.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Байділда «Тәуелсіздік кемесінде» атты шығармашылық көрмесіне байланысты: «Жастар қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Тәуелсіздік жылдарында талантымен таңдай қақтырған жас өрендеріміздің легі өсіп-жетілді. Солардың ішінде колледж түлектерін атап айтатын болсақ, Абжанова Анар, Байгалиев Саян, Сагындыкова Молдир, Чукитаева Зарина, Бектаева Мадина, Тұрғын Абдурахман, Султанбаева Сабина, Алибек Наргиз атты жастарымыз халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары. Бұл көрмеде егеменді еліміздің еркін өскен ойшыл жастарының шығармашылық жетістіктеріне куә болдық. Ұлтымыздың ұлы ұстанымы қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін»,- деп өз ойын білдірді.
Ата-бабамыздың бізге аманат еткен баға жетпес байлығымыз, асыл мұрамыз ол — Тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің ұлт өнері мен мәдениетіне бергені мен берері көп. Ендеше Ұлы күнде ұлттық өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласты көрме арқылы көрсетуді мақсат еттік. Тағы бір ерекшелігі ұрпақтар арасындағы сабақтастық студенттер, педагогтар және түлектердің, яғни үлкен бір шығармашылық ұжымның бірлескен жұмысын ұсынып отырмыз. Өнер мен мәдениетте өз қабілетін көрсеткен дарынды жастарды қолдай отырып, бұл көрме, 2021 жылдың 30 желтоқсанға дейін жалғасады және де алдағы уақытта Тәуелсіздік жастарының шығармашылығын шыңдау барысында өз жалғасын табады.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
мектеп-интернат, колледж басшысы,
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің
құрметті қызметкері Жумахметова Зура Жумахметовна

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты