Ақтауда болған жарылыстың видеосы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жарылыс видеосы Ақтаудағы 29А шағынауданындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жарылыс 7 қарашада сағат 21.20-да болған (астана уақыты бойынша сағат 22.20-де).
ТЖМ мәліметінше, Ақтаудағы 29А шағынауданында екіқабатты «Аянат» мейрамханасында жарылыс болған. Жарылыс неден шыққаны белгісіз.
«Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Жарылыс себебі мен аумағы анықталып жатыр», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.