jasqazaq.kz

Өзбекстан көршілермен тату байланысқа мүдделі

09 қыркүйек 2016, 16:02

apro

Өзбекстан президенті міндетін уақытша ақтарушы болып бекітілген  ел премьер-министрі Шавкат Мирзиеев республика парламенті қос палатасының бірлескен отырысында Өзбекстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарын жария етті.  Бұл туралы ел үкіметінің порталында хабарланды.

Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы Өзбекстанның сыртқы саясаттағы басты басымдығы ретінде елдің ұлттық мүддесімен байланысы бар Орталық Азия өңірін атады. «Біз өзіміздің таяу көршілеріміз Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен қарым-қатынасымызда ашық, татулық және прагматикалық саясат жүргізуімізді мүлтіксіз жалғастыра беретін боламыз», — деді ол.

Сонымен қатар Өзбекстанның сыртқы саясатының басым бағыттары ретінде ТМД елдерімен қарым-қатынасты дамыту, оның ішінде, бірінші кезекте Ресей Федерациясымен достық байланысты кезең-кезеңімен дамыту әрі жан-жақты нығайту атап өтілген.

Ш.Мирзиеевтің айтуынша, АҚШ-пен жан-жақты өзара тиімді және конструктивті ынтымақтастықты сақтау сыртқы саясатта маңызды мәнге ие. Өзбекстан Қытаймен де жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан ары нығайтуға мүдделі. Жапония, Корея Республикасымен экономика, инвестиция, ғылым, технология, білім беру, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы серіктестік қарым-қатынасты дамытуға басымдық береді.

Бұған қоса, Еуропаның Германия, Франция, Ұлыбритания сынды жетекші мемлекеттерімен, сонымен қатар Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударатын болады.

Сондай-ақ Үндістанмен, Пәкістанмен және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен саяси, сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан ары дамытуға мүдделі. Өзбекстан Ауғанстанмен татту көршілік және достық саясатын да жалғастыра береді.

 

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық