jasqazaq.kz

Мемлекеттік қызметкерлерге мас болып жүруге тыйым салынды

03 ақпан 2016, 14:22

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қоғамдық орындарда мас күйінде көрінуге тыйым салынды. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Айгүл Шайымова мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

Жүргізіп жатқан реформалар аясындағы әзірленген шараларға тоқталған ол, алғаш рет жаңа Этикалық кодекс аясында қызметкерлердің түрлі жағдайларда жүріс-тұрысының стандарттары айқындалғанын, яғни бұнда оның жұмыс уақытындағы тәртібі, әріптестерімен қатынасы және қызметінен тыс уақыттағы жүріс-тұрысы ескерілгенін жеткізді.

Мәселен, мемлекеттік қызметкерлерге адал, әділетті және қарапайым әрі сыпайы болуы секілді талаптар қойылады. Олар шешім қабылдаған кезде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, яғни бұл ең басты өлшем және ең басты талап болып саналады.

«Қызметінен тыс уақытта олар қоғамға қарсы мінез-құлық әрекеттерге, оның ішінде қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдікке масайған күйінде болуына жол бермеуі тиіс. Белгіленген стандарттарды қатаң сақтау – халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімін арттыра түседі», – деді вице-министр.

21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті