
«Барлық медициналық мекемеде жалпы практика дәрiгерi балалармен қатар ересектердi де қабылдайды. Медицина жоғары оқу орындарында «педиатрия» мамандығы жабылды. Педиатр мамандығын алу үшiн интернатураны бiтiру керек. Дегенмен, енгiзiлiп жатқан жаңашылдықтар қоғамда дау туғызып жатыр».
Төменгі палатаның пленарлы отырысында Мәжiлiс депутаты Дания Еспаева осы мәселені көтерiп, денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады. Депутат «Ақ жол» партиясына жүгінген азаматтар емханалардағы ұзын-сонар кезектен шаршадық деп мұңын шағуда. Олардың айтуынша, жүктi әйелдер де, жас аналар мен қарттар да бір дәрігерге қаралады. Әрине, мұндай жағдайға қоғам да наразы», – дедi.
Халық қалаулысының айтуынша, медициналық ЖОО-ларда педиатрия факультетiнiң жабылуы көпшілікті толғандыратын мәселе. Қазiргi таңда терапевтер балаларды қарау үшiн төрт айлық курстан ғана өтедi, бұл жеткiлiксiз. Осының салдарынан ата-аналар ақылы медициналық қызметке жүгiнуге мәжбүр. Бұл реформа ата-аналармен қатар, дәрiгерлердiң өздерiне де ұнамайды.