jasqazaq.kz

«Тапсырыспен кісі өлтіру». Елордада осындай жарнамасы бар көлік ұсталды (видео)

17 сәуiр 2021, 10:42

Нұр-Сұлтанда «тапсырыспен кісі өлтіру» деген жазуы бар көлік жүргізушісі ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілерде бақылау жүргізіліп, тәртіп сақшылары көлікті бір сағат ішінде анықтағанын айтты.

«Жүргізушінің айтуынша, артқы әйнегінде «тапсырыспен кісі өлтіру» деген жазуы бар көлікті бір ай бұрын Петропавлда сатып алған. Бірақ жазуды өшірмеген. Құжаттарды тексеру кезінде 27 жастағы жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды», — деді полиция өкілі.

Құқық қорғау органдары жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады.

«Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін әрекеті және көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра тізгінге отырған жүргізуші 590-баптың 5-бөлігі «көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» және 612-баптың 2-бөлігі «көлік құралын құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп толықтырды елордалық полиция департаменті өкілдері.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық