jasqazaq.kz

Жұмыртқа бағасын келісіммен көтерген

13 сәуiр 2021, 10:27

Солтүстік Қазақстан облысында төрт құс фабрикасының өзара сөз байласу арқылы бір уақытта жұмыртқа бағасын көтеріп отырғандығы анықталды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Наталья Шаяхметованың айтуынша, баға мониторингі және СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің хаты аясында жұмыртқа бағасы тексеріліп, нарыққа талдау жүргізілді. Нәтижесінде облыстағы жұмыртқа өндіретін 4 құс фабрикасының келісілген бәсекелестікке қарсы әрекеттері анықталды. «Өткен жылдың қараша айы мен биылғы қаңтар айындағы аралықты алдық. Алайда, жұмыртқа бағасы наурыз айында да қымбаттады. Олар келісім бойынша бір уақытта жұмыртқаның бағасын өсіріп жіберген. Осыған байланысты департамент бұл кәсіпорындарға ескерту хат жіберді. Оның нәтижесі бойынша құс фабрикалары бізге жұмыртқаның көтерме бағасын түсіргендіктері жайында жауап берді. Яғни 1 санаттағы жұмыртқаның бағасын 5-10 теңге аралығында түсірген. Олар «Якорь», «Есіл», «Адель құс» және «Алекри» құс фабрикалары», — дейді Наталья Шаяхметова. Бірінші санаттағы әлеуметтік жұмыртқаның қазір көтерме бағасы — 370 теңге. «Субъектілер біздің ескертуімізге құлақ асып, бағаны төмендететін болса, істі әрі қарай тергеу туралы бұйрық шығарылмайды. Егер де олар ескертілгеннен кейін 30 күн ішінде шара қолданбаса, онда монополияға қарсы орган тергеу жүргізуге бұйрық шығарады. Тергеудің нәтижесі бойынша әкімшілік жауапқа тартылады», — дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Наталья Шаяхметова.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық