
Қатты жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 11-12 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді. Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы тік жартастарға шықпаған жөн.