jasqazaq.kz

Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» соқты

05 желтоқсан 2020, 16:14

Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» келіп соққан. Салдарынан 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні сағат шамамен 18:30-да Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында болған. Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол рульге ие бола алмай қалған.

«Тәуке хан даңғылының бойында жол белгілерінің барлығы орнатылған. Сызбалары сызылып, жол тегістелген. Сондықтан бұл жерде жол-көлік оқиғасын тудыратын ешқандай себеп жоқ», — дейді қалалық ПД Жергілікті полиция басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаев. Қазіргі таңда «КамАЗ» жүргізушісіне тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық