jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар бос тұрған иттер ғимаратына көшуге мәжбүр болды

10 қыркүйек 2020, 15:21

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада иттерге арналған тәлімбақ төңірегінде тағы да дау шықты. Ғимараттың бос тұрғанын естіген көпбалалы аналар қоныстанды.

Негізінен, әйелдердің 6-8 баласы бар. Дені «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері.

Әйелдер келгенде бос ғимараттың есігі ашық тұрған

Олар пәтер кезегінде он жылдан бері тұрғанын айтты. Алайда баспана әлі де арман болып отыр. Көпбалалы аналар ғимарат бос тұрғанын жануарларды қорғаушылардың жазбаларынан білген. Сондықтан осы ғимаратқа қоныстанды.

Әйелдер бос ғимараттың есігі ашық тұрғанын айтты. Олар мұнда үш күн болған.

Әкімшілік ғимараттың суы мен электр жарығын сөндіріп кетті.

«Астана-Ветсервис» әкімшілігі не дейді
«Астана-Ветсервис» кәсіпорнының директоры Данияр Әбдулов болған жағдайды сейсенбі күні білгенін айтты.

«Бір жағынан бұл әйелдерді түсінемін. Олардың жағдайы қиын. Екінші жағынан бұл… нонсенс», — деді ол.

Әйелдердің заттары ғимаратқа жүк көлігімен жеткізілді

Кәсіпорын жетекшісі бұл ғимарат үшін жауапты екенін жеткізді. Сондықтан кеше, сәрсенбі күні ол жағдайды бақылау үшін көлігінде қонбақ болды. Алайда сағат 22.20-да Sputnik Қазақстан тілшісіне әкімдік пен полиция әйелдермен кездесу өткізгені белгілі болды.

«Қазір ғимаратта ешкім жоқ», — деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық