
2020 жылғы қазанның 2-ші күнінен бастап Air Astana әуе компаниясы аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері Алматы-Франкфурт-Алматы бағыты бойынша қатынайды, ал 28 қазаннан бастап сәрсенбіде тағы бір жиілік қосылады.
Air Astana рейстерінің Франкфуртке таңертеңгі ұшып келуі Еуропа мен Солтүстік Америкаға ұшатын Lufthansa әуе компаниясының сол 1-ші терминалдағы түйісу рейстеріне ыңғайландырылған. Осылайша, Нұр-Сұлтаннан және Оралдан Франкфуртқа қатынайтын рейстермен қатар, Германияның қаржы орталығына аптасына 8 рейс орындалады.
«Эйр Астана» әуекомпаниясының вице-президенті Ричард Леджер: «Мен Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің ұлғайғаны туралы қуана хабарлаймын. Бұл жолаушыларымызға Еуропа мен Солтүстік Америкаға қатынайтын серіктес әуе компаниялардың түйісу рейстерін пайдалануға мүмкіндік береді».
Ұшулар эконом-класында 150 орны және бизнес-класта 16 орны бар жаңа жайлы Airbus A321LR әуе кемесімен орындалады. Барлық бизнес-класс орындары толығымен жайылатын креслолармен және 16 дюймдік мониторлармен жабдықталған. Эконом-класта жеке 10 дюймдік экрандары бар Recaro креслолары орнатылған.
Эконом-кластағы барып қайту билетінің құны, барлық алымдарды қоса алғанда, 202 036 теңгеден, бизнес-класта 1 887 367 теңгеден басталады.
Билеттерді әуе компанияның веб-сайты, сату кеңселері, Ақпарат және брондау орталығы, сондай-ақ әуе компаниясы мен IATA аккредиттелген агенттіктер арқылы сатып алуға болады.
Саяхатты жоспарлау кезінде сіз airastana.com Еуропа елдеріне кіруге шектеулер мен санитарлық талаптар туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша біле аласыздар https://airastana.com/kaz/kk-kz/Ақпарат/Маңызды-ескертпелер/Коронавирусқа-байланысты-өзгерістер