jasqazaq.kz

Мектептерде оқу процесі қалай ұйымдастырылады?

19 тамыз 2020, 14:49

Елордадағы №54 мектеп-лицейінің директоры Шәкәрім Сейсенбай қыркүйекте оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын айтып берді.

«Бүгін жалпыреспубликалық педагогтар кеңесін өткіздік. Педагогтар кеңесі бүкіл республика аумағында ұйымдастырылды. Біз де өзіміздің мектепішілік педагогикалық кеңеске жиналып, оқу жылына дайындық, оқу процесін ұйымдастыру мәселелерін талқыладық», — деді ол ҚазАқпарат тілшісімен телефон арқылы.

Оның дерегінше, елордадағы №54 мектеп-лицейде 2 800-ден астам бала білім алады.

«Оның ішінде 1-4 сынып оқушылары арасында кезекші сыныпқа келіп, мектепте білім алуға ниет танытып отырғандар да бар. 1-4 сынып оқушыларының 284 ата-анасы онлайн өтінім берді. Осыған орай мектепте 25 кезекші топ құрылып, онда балалар оқитын болады», — деді Шәкәрім Сейсенбай.

Сонымен қатар ол кезекші сыныптарда оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын да түсіндіріп өтті.

«Кезекші сыныптарда үш пән бойынша сабақ жүргізіледі. Яғни, балалар мектепке келеді және сол жерде негізгі пәндерді оқиды. Одан кейін орыс тілі мен ағылшын тілі сынды пәндер онлайн форматында өтетін болса, дене тәрбиесі, музыка және технология сабақтары қашықтан ұйымдастырылады. Мұғалімдер тапсырма беріп, олардың орындалуын қадағалап отырады. 5-тен бастап 11-сыныпқа дейінгі оқушылар тек қана қашықтан білім алады», — деді мектеп директоры.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық