jasqazaq.kz

Дәріханада тапшы дәрілер базарда сатылуда

09 шiлде 2020, 15:46

Дәріханалардың кассалық аппараттарды әдейі өшіретіндігі анықталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы айтты.

«Елорда дәріханаларда мониторинг қорытындысы бойынша «Амлодимед» препаратының бағасын 327 теңгеге, ал «ЦЕФ-3» препаратының бағасын 2 950 теңгеге көтеру фактілері анықталды. Жамбыл облысында дәріханаларда тапшы болып отырған «Парацетамолды» базарларда тиісті рұқсатсыз сатқандығы анықталған», — деді ол агенттіктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның дерегінше, Алматы облысында шекті сомасы 1 382 теңге болатын «Аспирин-Кардио» 3 500 теңгеге, «Зитмак» 4 052 теңгенің орнына 7 000 теңгеге, ал «Ципролет» 1 260 теңгенің орнына 2 200 теңгеге сатылған.

«Сондай-ақ, кейбір дәріханалар кассалық аппараттарды әдейі өшіретіні анықталды. Батыс Қазақстан облысында шекті құны 118 теңгелік маскалар дәріханаларда 150 теңгеден сату фактісі анықталды. Павлодар облысында дәріханалардың бірінде сатып алынған «Парацетамол» біздің еліміздің аумағында тіркелгеніне күмән туғызды. Өйткені оның қаптамасында мемлекеттік тілде жазбасы жоқ және медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық берілмеген. Түркістан облысында «Клавам» препараты 980 теңге орнына 1 680 теңгеге сатылған. Сондай-ақ, аталған облыста өз қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асыратын дәріхана анықталды», — деді Ғанижан Асанұлы.

Департамент басшысының айтуынша, барлық анықталған фактілер бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты