
2020 жылғы 14 маусымда 17 сағат 16 минутта «101» пультіне Түрксіб ауданы Сүйінбай даңғылы 152а мекенжайында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы үй иесінен хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
№ 4 (Суюнбай 247) мамандандырылған өрт сөндіру есептері 4 минутта келген кезде екі үйдің шатыры ашық жалынмен жанып, өрттің дәмхананың шатырына таралғанын анықтады. Күштер мен құралдар жоғары деңгейлі шақыртумен жіберілді. Тез жайылған өрт шатырдың ағаш жабындыларына тарап, көрші ғимараттарға өту қаупі туындады.. Өртті сөндіру бір-біріне жапсарлас орналасқан ғимараттардың «кварталында” өрт сөндіру алшақтығының болмауынан қиынға соқты Өртенген ғимаратта газ тарату пункті орналасқандықтан, жарылыс орын алуы мүмкін болды! Оқиға орнында жедел штаб құрылды.
Авариялық құтқару қызметімен аталған нысан электр желісі мен газ жүйесінен ажыратылды. Үздіксіз сумен қамтамасыз етілді, өрт гидранттарына автоцистерна орнатылып, 6 өрт оқпандары жіберілді. Түрксіб ауданының ПБ қызметкерлерімен оқиға орны қоршауға алынып, тәртіп орнатылды.
Қабылданған шаралардың арқасында көк жалын өрт сөндірушілер келген 29 минуттың ішінде сөндірілді, 250 шаршы метр аумақты қамтыған өрт 18 сағат 06 минутта толықтай жойылды. Өрт алаңынан 150 литрлік 3 газ баллоны шығарылып, солтүстік жағындағы көрші үйлерге таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 26 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.