jasqazaq.kz

Бұрынғы әйелін пышақтады

11 маусым 2020, 14:59

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап кеткен. Абырой болғанда, әйел аман қалды. Бұл туралы отбасындағы зорлықпен күресетін SVET қоғамдық қорының өкілдері айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады .

SVET қорының мәліметінше, бұл оқиға 28 мамырда Бостандық ауданында болған. Әйел бұрынғы күйеуінен қашып жүрген екен. Алайда ол күндердің бір күнінде олардың баласының күтушісін аңдып келген. Үйге кіріп, бала күтуші әйелді ұрып-соғып, бұрынғы әйеліне шабуылдаған.

«Оны жатын бөлмеге қамап, қорқытып, ұрып-соғып, үш рет пышақ салып, бірнеше дене жарақатын жасаған. Абырой болғанда, аман қалды. Кейін бала күтуші мен көршілері полиция мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Полиция ер адамды ұстаған», — дейді дереккөз.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, қазір қызға қысым көрсетіліп жатыр. Оны арызды қайтарып алуға мәжбүрлеп жатыр екен. SVET өкілдерінің сөзіне сенсек, олар үш жыл бұрын ажырасқан және ажырасуларына осындай зомбылық пен психологиялық қысым себеп болған.

Алматы полициясы департаменті бұл оқиғаның Бостандық ауданында болғанын растады.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қажет сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деді полицейлер.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты