
Англияның оңтүстік-шығысындағы Грейс қаласында жүк көлігінен 39 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sky News.
Белгілісі қаза тапқандардың кем дегенде біреуі – жасөспірім. Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, көлік жүргізушісі ұсталған, ол 25 жастағы Солтүстік Ирландия тұрғыны. Қолда бар мәлімет бойынша жүк көлігі Болгариядан Ұлыбританияға 19 қазанда келіп жеткен.