jasqazaq.kz

Дүйсенбілік футбол

23 тамыз 2016, 16:21

IMG_9730

Алматыда базарлар арасында «Дүйсенбілік футбол-2016» турнирінің 3-кезеңі өтті. Бұл іс-шараны Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен «Болашақ» қозғалысы ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты базарда қарапайым жұмыс істеп, еңбегін маңдай термен адал тауып жүрген азаматтарға көңіл бөлу, бір сәт қуаныш сыйлау.
Сайысқа «Алтын Орда», «Арлан», «Орбита», «Тұлпар», «Сәлем», «Саламат» базарларынан құралған командалар қатысты. Тартысты додада бірінші орынды «Алтын Орда» командасы ұтып алды. Екінші орынды – «Саламат» командасы иеленсе, үшінші орын «Арыстан» командасына бұйырды. Одан өзге «Ең үздік шабуылшы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік жаттықтырушы» номинациялары бойынша команда мүшелері марапатталды.

прпрп

Берік Ағыбаев, «Болашақ» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары: «Бұл бізде өтіп жатқан турнирдің 3-кезеңі. Алты команда қатысты. Сол алты команданың ішіндегі финалистері қараша айында болатын «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мен «Алматы қаласының 1000 жылдығына» арналған турнирге қатысатын болады. Алматы қаласы бойынша 57 базар бар. Соның барлығын қамтылады. Ең басты мақсатымыз базар жастарын назардан тыс қалдырмау. Оларды салауатты өмір салтына араластыру».

 

 

 

 

 

счсчяАталмыш шараға қатысқан футболшылар да өз ойларымен бөлісті. Соның бірі Бақытжан Әрінов, «Арыстан» командасының ойыншысы: «Ойын өте тартысты өтті. Осындай турнир жиі ұйымдастырылып тұрса қатысуға дайынбыз. Базар жастарына көңіл бөліп, спортқа баулып жатқандарыңызға ризашылық білдіремін». «Дүйсенбілік футбол-2016» атты әлеуметтік спорттық жарысының келесі кезеңі қыркүйек айында өтеді. Кезеңдік турнирдан өткен финалист командалар қараша айында өтетін финалдық додаға қатысатын болады.

 

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты