jasqazaq.kz

Қосанов парламентте не айтты?

10 қыркүйек 2019, 17:26

Бүгін парламент мәжілісінде әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы таныстырылды. Сол жерде қоғам белсендісі Әміржан Қосанов митингтер мәселесін көтерді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде заң үстемдігі бар, ал құқық үстемдігі жоқ. Сол сияқты Конституцияда митинг өткізуге құқық берілген. Алайда оны заңмен шектеп тастаған.

«Кеше президент Тоқаевтың өзі митингілер туралы заңдарды өзгерту туралы айтты. Бірақ ол заңнама қандай болады деп күтіп отырмыз. Тағы да баяғы сарынға салынып, әкімшіліктің табалдырығын тоздырып, қаланың шетіндегі түкке тұрмайтын алаңға барып, митинг ұйымдастырамыз ба? Жоқ, әлде өркениетті мемлекеттегідей орталық саябақтарда өткіземіз бе?», — деді Қосанов.

Осы сұраққа әділет вице-министрі Наталья Пан жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, митингілер туралы заң жобасын әзірлеу туралы нақты тапсырма бар. Қазіргі кезде осы құжатты қай мемлекеттік орган әзірлейтіні талқыланып жатыр.

«Бұл заңды әзірлеуге ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жауапты болуы тиіс деп ойлаймыз. Заң жобасы 2019 жылдың желтоқсан айына дейін әзірленеді. Өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді. Соның бәрі парламентте таныстыралады», — деді Пан.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық