jasqazaq.kz

Әскери қызметшілер Арысты минадан тазалап жатыр

25 маусым 2019, 15:37

Қорғаныс министрлігінің әскери-инженерлік қызметшілері Арыс қаласын минадан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында сапында жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеуде тәжірибе әскери қызметшілерден жасақталған 9 минасыздандыру тобы жұмыс істеп жатыр. Аталған топтар аумақта жарылмай қалған оқ-дәрілерден тазарту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырады. Оқ-дәрілерден тазарту жұмысы елді мекендерге таяу орналасқан қоймалар мен басқа да сақтау орындарындағы жарылу қаупі бар заттардан барынша тазарту мақсатында ұйымдастырылған», — деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, ең алдымен темір жолдың бойын, қару-жарақ қоймасына іргелес Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың маңын қауіпті заттардан тазарту жүргізіледі. Бұл тұрғындар үйлеріне оралған кезде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көмегімен Арыс қаласының төңірегі мен арсеналдың техникалық аумағы барлануда.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық