jasqazaq.kz

Бердібек Сапарбаев: Оралмандарға баспана берілуі тиіс

24 маусым 2019, 16:02

Қазақстанда оралмандарды бейімдеу орталықтары құрылады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.

«Ең алдымен отандастарымызға Қазақстанның кез келген өңірінде өмір сүруге мүмкіндік береді. Екіншіден, қоныс аудару барысында қала не болмаса ауылға яғни, жергілікті жерлерге байланысты отбасының әрбір мүшесіне шамамен 8 мың теңге төленеді. Егер пәтер не болмаса тұрғын үй бірден берілмесе, онда 12 ай бойы 30-дан 70 мың теңгеге дейін төленеді», — деді министр. Бұл ретте Бердібек Сапарбаев осыдан 10 жыл бұрын елімізде оралмандарды бейімдеу орталықтары, жатақханалар болғанын еске салды. «Өкінішке орай, олардың қайда кеткенін білмеймін. Дегенмен, онымен айналысуымыз керек. Қазіргі уақытта біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз», — деді ол. Сонымен қатар, Еңбек министрі бұл мәселеге қатысты тиісті комитетке тапсырма берілгенін атап өтті. «Бастапқы кезде қандай да бір баспана берілуі тиіс. Олар өзге елден келді, бұл жерде таныстары да, туған-туыстары да жоқ», — деді Б.Сапарбаев.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық