jasqazaq.kz

Ветеринария қызметі 93 итке, 67 мысыққа квота берген

14 маусым 2019, 14:48


Өскемен қаласындағы 160-қа жуық үй жануарларын зарарсыздандыру үшін ақша бөлінеді.

 Алтайньюс  хабарлағандай, олардың 37-сі иесіз. Жалпы бөліністе, ветеринария қызметі 93 итке, 67 мысыққа квота берген. Зарарсыздандыру жұмыстарына қала бюджетінен 1,8 миллион теңге бөлінген.   Адамдардың серігіне айналған, үй жануарларын зарарсыздандыруға, Өскемен мен Риддер қаласындағы иттерді, көпшіліктің көзінше ату түрткі болған. Осы жағдайдан кейін, қоғам ішінде қаңғыбас ит пен мысықты өлтірмей, күресудің басқа амалын іздеу қызу талқылауға түскен.

Бөлінген қаражаттың көбі операция жасауға жұмсалатын көрінеді. Ветеринария бөлімшесі үй жануарларының иелеріне нұсқаулықтар мен бірқатар ұсыныстар тізбегін дайындаған. Жұмыс биылғы жылдың желтоқсанына дейін жүргізілетін болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық