jasqazaq.kz

«9 грамм» поэтикалық драмасының тұсауы кесілді

17 қантар 2023, 16:31


Кеше Алматы төріндегі Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделханның “9 грамм” интеллектуалды поэтикалық драмасының тұсаукесері өтті. Туындының режиссері Жұлдызбек Жұманбай және дыбыспен көркемдеген сазгер Қанат Ибрагимов.

Поэтикалық драманы Қарасай ауданының “Қарасай жастары” театры сахналап, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Тәуелсіздігіміздің тарихына дейін “9 грамм” оққа байланған «Алаш» арыстарының рухына арналған бұл қойылым, тың туынды ретінде көрермен көңілінен шықты. Премьерада Қазақстанның еңбек ері, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, кино және театр актері, профессор Асанәлі Әшімов “Қарасай жастары” театрына сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Кеш соңында «Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің» басшысы Күлжан Дүйсенова, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұжымына және басшысына «Қарасай Жастары» театрының Республикалық деңгейде өнер көрсетіп шығармашылық дамуына ұйытқы болғаны үшін аудан әкімінің алғысын жеткізді. Сондай-ақ жас ұрпақты қасиетті өнерге баулып, игі дәстүрлерді жалғастырып «Қарасай Жастары» театрына қолдау көрсетіп жүрген ақын Бақыт Беделханға және қойылым композиторы Қанат Ибрагимовқа көрермен алдында аудан әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естеновтің алғыс хаты тапсырылды. Театр залы көрерменге лық толып, қойылым жоғары деңгейде өтті.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата