
Жұртты шетелге жұмысқа орналастырамын деп алдаған алаяқтың айласы аспады. Қаладағы Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімінде алаяқтық әрекеті үшін А. Суженконың ісі тергелуде. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат бұған дейін адамдарды Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызатынын айтып, қомақты қаржы алыпты. Суженко азаматтарды жалақысы 2,5 мың долларлық қызметке орналастыру үшін әр адамнан 500 мың теңге алған. Тіпті шетелге жұмысқа бару үшін тіл білудің де керек еместігін ескертіп, жұмыссыз жүрген жұртты қызықтырыпты. Қазір Суженкоға алданған 85 адамнан арыз түсті. Алдағы уақытта алданғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Күдіктіге қатысты тергеу амалы жалғасып жатыр.