jasqazaq.kz

8 жастағы баланы ит талады

16 ақпан 2023, 12:03

Атырауда 8 жастағы баланы ит талап тастады деп жазды Atpress.kz. Қабаған ит ер баланың басынан, аяғынан тістеген. Жансақтау бөліміне түскен балаға шұғыл ота жасалды.
Елімізде 2021 жылдың соңында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң қабылданды. Осы заңның аясында қараусыз қаңғып жүрген жануарларды бюджет есебінен стерилдеу көзделген болатын. Соның негізінде кейбір облыстарда қаңғыған жануарларды заңда жазылғандай «жануарды хирургиялық, дәрі-дәрмекпен не өзге тәсілдермен ұрпақ өрбіту қабілетінен айыру» көзделген.

Ит пен мысықты стерилдеу (қазақы түсінікте піштіру) қаншалықты нәтиже беретінін қайдам, бірақ қаңғып жүрген иттердің адамдарға шабуы жиілеп барады. Жануардың тұқымын көбейтуге тосқауыл қоюдан да адам ұрпағы өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды қашанда.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті