jasqazaq.kz

8 баланың анасы көмек сұрайды (видео)

28 наурыз 2017, 19:46

Сегіз баланың анасы Толқынай Нәметқұлова бүгінде бір үзім нанға зәру. Басындағы қиын-қыстау кезеңді айтып Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің табалдырығын тоздырған. Көп балалы ана осыдан тоғыз жыл бұрын Талғар ауданы Бірлік ауылына Жамбыл облысынан көшіп келген.

Бүгінде бір баласы студент. Айтуынша, білім ордасының жылдық ақысын төлемегеннен кейін қызымды оқудан жақын күндері шығарады деп отыр . Ең сорақысы қара сылақпен тұрған мына баспананы үш айдан кейін үй иесіне қайтару керек. Себебі, жомарт жандар әзірге тегін тұруға берген.
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа Алматы облысында сегіз баламен далада қалғалы отырған отбасына көмек қолын созды. Мақсаты, «тойдан түскен қаражатымды оңды — солды шашпай жетім-жесірлерге көмек беру»-дейді. Бір үзім нанға зәру болып отырған жанұяға бір ай көлеміне жететін түрлі азық-түлік алып келіп берді.
Өзіме абырой жинаудан аулақпын деген жас әнші алдағы уақытта алтын алқа иегеріне он сотық жер алып берсем деп отыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық