
Қазақстандық саяхатшы қария Сәрсенбай Қотырашев жер шарын жаяу араламақшы. Ол өзінің жоспарын инстаграм желісіндегі парақшасында бөлісті,-деп хабарлайды JQ- Aqparat.
72 жастағы қарияның бұл жоспарын желі қолданушылары қолдап, сәттілік тіледі.
«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы өз өмірімде жаңа қадам бастап, жаяу жүріп өттім. Жүрген жерімде мені таң қалдырған, қуантқан және көптен бастан кешірмеген ерекше эмоцияларға көз жеткіздім. Бірінші экспедициям сәтті аяқталды. Бұл сапарымда жоспарлаған мерзімнен бұрын көздеген межеге жеткен сәтті жетістік болды. Мен 72 жыл ішінде алғаш рет туған еліміздің көптеген көрікті жерлерін аралаппын. Ендігі кезекте, мен оның шеңберінен шығып, жер шарын айналып шығуды жөн көрдім. Өйткені бір жолдың соңы — қашан да жаңа жолдың басы», -деп жазды Сәрсенбай Қотырашев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram