jasqazaq.kz

72 тонна прекурсор тәркіленді (Видео)

24 наурыз 2023, 9:50

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті 72 тонна прекурсорды тәркіледі. Министрліктің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті синтетикалық есірткіні өндіруді қолға алмақ болған қазақстандық және шетелдік азаматтардың жолын кесті. Трансұлттық қылмыстық топтың жасырын әрекетін тексеру барысында үлкен көлемде прекурсор табылды.
Өткен жылдың қазан айында және осы биылғы наурыз айында жүргізілген арнайы операция барысында прекурсордың контрабандасына қатысы бар шетелдік азаматтар құрықталса, 21 наурыз күні Алматыда жүргізілген арнайы операция кезінде өзге фигуранттар екі шетелдік пен қазақстандық азамат қолға түсті. Оларды тінтігенде шетелдік полиция қызметкерінің жалған кәлігі, зип-пакет, мефедрон, электрондық таразы, Калашников автоматының оғы табылған.
«Қоймаларды тінтігенде синтетикалық есірткілерді дайындауға қолданатын прекурсор, арнайы зертханалық жабдықтар табылды. Тәркіленген прекурсордың жалпы көлемі 72,8 тонна. Бұл 8 тонна синтетикалық есірткіні әзірлеуге жетеді», – дейді полиция өкілдері. Ведомствоның мамандары синтетикалық есірткі өндірісіне керекті прекурсордың жолынк есу жұмысын жалғастырып жатыр.


JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті