jasqazaq.kz

7 облыста жол жабық

05 қантар 2023, 10:25

Сағат 8:45-тегі мәліметтер бойынша, республикалық бағыттағы жолдардың 32 бөлігі жабық. Бұл туралы ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық оператор таратқан мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда ауа райының салдарымен күрес жұмыстары жалғасуда.

Республикалық бағыттағы жолдарда қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға 50 арнайы техника жұмылдырылған.

Күн бұзылғаннан бастап (3 қаңтар) 2200 м3 көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылған.

Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы жолдар жабық.

Ауа райының бұзылуына байланысты жағдай әсіресе Қарағанды, ШҚО және Абай облыстарындағы республикалық трассаларда жағдай күрделі. Өткен тәуліктерде қар құрсауынан 200 көлік пен 346 адам шығарылды.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты