jasqazaq.kz

7 күнде 2 рет босанды

02 наурыз 2017, 12:43

Қытайдың Хэбэй аймағында бір әйел ұлын дүниеге әкелгеннен кейін алты күннен соң тағы да босанған. Әйел адам 2012 жылы тұрмыс құрған, бірақ ұзақ уақыт бала көтере алмай жүреді.

tengrinews.kz хабарлағандай, 2016 жылдың тамызында Ухань қаласында емделеді. Осыдан кейін ол үшемге жүкті болған. 21 ақпанда әйел 1,44 келі болатын ұл баланы дүниеге әкеледі, алайда толғағы осымен тоқтап қалған. Әйелдің дәрігері жүктілік жалғасып жатыр деген шешімге келеді. 27 ақпанда әйел тағы да босанып, егіз қыз туған. «Бала көтере алмай жүргенде сәбилі болуды армандадым. Қазір менің үш балам бар, енді не істерімді білмей дағдарып отырмын», — дейді үшемнің анасы. Қазіргі кезде балалар жансақтау бөлімінде. Акушер жұмыс істеп келе жатқан 20 жылында мұндайды алғаш көріп отырғанын айтады. Акушердің сөзінше, әйел дизготты үшемге жүкті болған, яғни ұл бала қыздардан бөлек шаранада жетілген.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты