jasqazaq.kz

622 млн теңге сұраймыз!

24 мамыр 2016, 18:19

20120210124808

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейден сатып алатын суға қатысты «Жас қазаққа» түсініктеме берді.

Отандық БАҚ бұған дейін Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығына қажетті суды Ресейден сатып алатынын, рубль бағамының өзгеруіне орай оның құны қымбаттағанын хабарлаған еді. Осыған орай, біз мәселенің мәнісін білмек болып, ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетіне телефон шалдық. Құзырлы комитет басшыларымен (төрағасы Ислам Әбішев, оның орынбасары Дәулетияр Сейтімбетов) тілдесудің сәті түспеді. Ислам Әбішевтің министрліктегі жиыннан, орынбасары Д. Сейтімбетовтің адам қабылдаудан қолы тимеді. Сөйтіп, жұмыс күнінің соңына қарай аталған комитеттің бас сарапшысы Ерлан Өтегенов «Жас қазаққа» мынадай түсініктеме берді: «Бюджетті бекіткен кезде теңгеге шаққандағы рубль бағамы 3,5 теңге еді. Қазір ол 5 теңгеге өсіп кетті. Сөйтіп 40 млн текше метр су сатып алуға ақша жетпеді. Енді біз осы жетпеген сомаға Қаржы министрлігіне өтінім береміз. Оның көлемі шамамен 622 млн теңгені құрайды. Білуімше, бүгін бізге «Қазсушардан» РМК-ның Батыс Қазақстан облыстық филиалынан жетпеген ақшаға өтінім келді. Біз оны жалпы бюджеттік өтінім ретінде қалыптастырып, құзырлы мемлекеттік органға жолдаймыз».
Е. Өтегенов комитет сұрайтын қаражатты Қаржы министрлігі тез бөлетініне сенімді. Ол «Әрине ауыл шаруашылығына су қажет. Меніңше Қаржы министрлігі бізді қолдап, қажетті ақшаны тез бөледі» деп мәлімдеді.

Төлен Тілеубай
Астана

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты