600 000 теңге берсең, автонесие әпереді-мыс

20 мамыр 2022, 11:36

4 пайызбен жеңілдетілген автонесие аламын деп асыққан жұрттың аптығы басылды. Қазір көлік салондарында өткендегідей ұзын-сонар кезек жоқ. Өйткені бағдарлама ашылған сәтте дилерлік орталықтарды бетке алған халықтың меселі қайтып қалған. Қай салонға барсаңыз да, дайын тұрған көлік жоқ. Сондықтан менеджерлер келушілерді тек тізімдеп, «өзіміз хабарласамыз» деген жаттанды жауаппен жылы шығарып салуда.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 16 мамырдан бері еліміздегі көлік салондарына 14 мың азамат көлік іздеп барыпты. Соның тек 3400-і өтініш қалдырып, оларға 26,4 млрд теңгеге несие беру туралы шешім қабылданған. Демек әу баста автонесиелеуге бөлінген 100 млрд теңгенің төрттен бір бөлігі алғашқы үш күнде игерілді. Дәл осылай жалғаса берсе, енді екі аптадан кейін бөлінген қаржының түбі де көрініп қалады.

Ал отандық көлік құрастырушылар 4 пайызбен берілетін автонесиеге дайын емес болып шықты. Ақша да, сұраныс та бар. Бірақ алатын көлік жоқ. Қашан болатынын да ешкім білмейді. Ал индустиалды даму комитеті әдеттегідей елімізде көлік тапшылығы жоқ деген жалған ақпарат таратудан әрі аспай отыр. Индустрия министрлігіне қарайтын комитет өкілдері биыл төрт айда 27 912 көлік шығарылғанын жариялады. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,7 пайызға көп екен. Жыл соңына дейін отандық автоөндірушілер 109 мың көлік шығаруды жоспарлап отыр.

Мәселен, индустриалды даму комитеті таратқан ақпаратқа сенсек, «СарыарқаАвтоПром» компаниясы шығаратын КИА, Жак, Шевроле, Лада көліктерінің салондарда 4 мың бірлігі, зауытта 3,5 мыңы дайын тұр. Алдағы маусым айында тағы 7 мың көлік шығару жоспарланған. Ал Hyundai Trans Kazakhstan мамыр айында 2,3 мың, маусым айында 2,5 мың көлік құрастырады.
Екі айдан бері көлік салондарын шарлап шыққан адам ретінде бұл мәліметтің бәрін жоққа шығара аламын.

«СарыарқаАвтоПром» шығаратын КИА Серато, КИА К5, РИО деген көліктер салонда атауымен жоқ. Тек KIA SOUL деген оймақтай көлік сатылуда. Халық ыстық бәлішке таласқандай жапатармағай соған жармасып жатыр. Өзіне ыңғайлы ма, жанұясына жайлы ма деген сұраққа бас қатырып жатқан ешкімді көрмедім. Не де болса, 4 пайызбен алып қалайық деген бақай есеппен есі кетіп жүр көбінің. Ең қызығы, сол SOUL-ға VIN код беріліп жатқан жоқ. Менеджерлер алдына келгеннің бәріне бір жапырақ қағаз ұстатып, банкке бағыт сілтеуде. Шевроле салонын да көріп қайттым.

Мұнда COBALT деген көлікке сұраныс көп екен. Бағдарлама басталғалы осы жерден жүздеген тұрғын жаңа тұлпар тақымдап қайтқан. Бірақ дәл қазір дайын көлік жоқ. Сондықтан алдағы 2-3 аптада тағы 8 мың көлік келеді деп менеджерлер тұрғындарды түгел тізімге алып жатыр. Ал Hyundai компаниясының дилерлік орталықтарында да ығы-жығы адам көп. Бірақ көлік жоқ. Автонесие тұрмақ қолма-қол ақшаға да таппайсың. Келушілердің бәрі тек кезекке тұрып кетеді. Бірақ қысылтаяңды пайдаланып, қалтасын қампайтып алғысы келетіндер де табылады.

Мәселен, кезексіз көлік тауып беру мен банктен несие рәсімдеп беретіндердің бағасы белгілі болды. 600 мың теңге берсең, несие тарихыңа қарамай, 4 пайыздық автонесие бағдарламасына іліндіріп береміз дейтіндер бар. Тағы 700 мың теңге қоссаң, керек көлігіңді тауып беруге әзір тұрғандар да бар екен. Бірақ бұл қитұрқылықтың қаншалықты рас-өтірігін құзырлы орындар тексеруі тиіс.

Диас Нұрақын,
медиа-сарапшы

12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды
11 сәуiр, 15:25
Түркістан полициясы жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді
11 сәуiр, 15:02
Түркістан: Полиция ұрлық жасағандарды жылдам табады
11 сәуiр, 14:22
Түркістан: Есірткіге қарсы күрес тоқтамайды
11 сәуiр, 13:02
Түркістан: полиция тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді