jasqazaq.kz

60 долларға «Ақылды үй»

28 ақпан 2017, 17:35

Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биологиялық бағыттағы 12-сынып оқушысы Есет Сидешов «Smart-house» («Ақылды үй») жобасын жасап шығарды. Тұтастай жоба құны 60 доллар, бұл smart-технологияның шындыққа айналғанына сендіре түседі.

Қазақпараттың хабарлауынша,  жоба «Робот техникасы» үйірмесінде оның жетекшісі Бақытжан Мұхаммедпен бірге жасалды. «Үйді телефон немесе планшет арқылы басқаруға болады, бұл үшін андроид-гаджетке арнайы бағдарлама құрдым. Адам есікке жақындап, «ашу» деген түймені басады, гаджет команда береді, сервомотор есікті ашады. Адам бөлмеге кіргенде, құрылғы-сенсор іске қосылып, жарық жағылады. Менің макетімде есік, терезе пердесі, жалюзи, жарық автоматты түрде жабылады, ашылады. Бұл үшін құрылғы-сенсор орнатылған. Сондай-ақ камера орнатып, жұмыста отырып үйді бақылауға болады. Жобаны «Наурыз кездесуіне», барлық ҚР-дағы НЗМ арасындағы ғылыми жобалар байқауына ұсынбақпын», — дейді Есет.

Бұл арзан, қолжетімді жобаны іске асыруға болады. Бір бөлмеге 20 мың теңге жеткілікті. Ол адам өмірін жеңілдетіп қоймай, электр энергиясын, адам күшін үнемдейді. Мамыр соңында, емтихандардан кейін, шағын нұсқада жасалған жобаны ол өмірде пайдаланатындай етіп іске асыруға ниетті.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты