jasqazaq.kz

6 жасар патриот

24 қыркүйек 2016, 14:21

m-rat-benov-1

Алты жасар бала ұшақта қолын кеудесін қойып, еліміздің әнұранын шырқады. Бұл

қоғам қайраткерi Мұрат Әбеновты қатты тебіренткен.  Ол оралмадар ахуалы талқыланған «Шынтөбе» пiкiрталас клубының осы оқиғаны еске түсірді.

 

«Өткен жылы мен ұшақпен iс-сапарға Қытайға бардым. Менiмен бiрге Қытай азаматы кiшкентай баласымен болды. 6 жасар баласы ұшақтың iшiнде ортаға шығып, қолын кеудесiне салып, бiздiң әнұранды орындап бердi. Керемет! Мұны естiп, жылап жiбере жаздадық»-дейді ол.

Баланың қасында әкесі бар екен. М. Әбенов оның әкесімен тілдесіпті. Бала Қазақстанда тұрады екен. «Отбасым Қазақстанда, мен өзiм әзiрше Қытайда тұрамын, дәрiгермiн» — дедi. Неге көшiп келмейтiнiн сұрапты. Қандасымыз бұл сауалға  «Қазақстанға көп адамдар баруға қорқып отыр. Мысалы, мен Қазақстанға келiп, жарты жыл жүрдiм, әр жерге жұмыс iздеп бардым. Бiр жерде дипломың жарамайды дедi, басқа жерде тәжiрибең сәйкес келмейдi дедi. Ақырында қайтып кеттiм. Ал ендi бiздi арнайы шақыратын болса, бiзде қанша мықты кәсiпкерлер, дәрiгерлер, ғалымдар бар. Сiздер тарта бiлсеңiздер, бiз Қазақстан экономикасына көп пайда тигiзер едiк. Дайын отырмыз, келгiмiз келедi. Мiне, бiр жыл Қазақстанда тұрған бала Қытаға қайтқысы келмейдi» деп жауап бердi» — депті.

 

М. Әбеновтың пікірінше,  шетте жүрген қандастарымызды арнайы шақыру жұмыстары бiзде реттелмеген.  Бiлiктi мамандарды елге қайтуға мақсатты түрде ынталандырған жөн. Мысалы, елде қандай жұмыс бар екенiн толыққанды жеткiзу керек деп есептейдi қоғам қайраткерi.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуда
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты