Николета небәрі алты жаста. Ол Чехия астанасы Прагада өткен «рубик — кубик» түйінін шешу жарысында 41 секунд нәтиже көрсетіп, жұртты таңқалдырды. Бұл сайыс тек ересектер арасында өтеді. Сондықтан көрермен турнирге байқаудан тыс қатысқан Николетаға жүлде берілмеді. Бірақ көрермен қол шапалақтап, зор қошемет көрсетті. Кішкентай чемпионға осының өзі үлкен сый.