
Жетісу облысы, Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында 6 жастағы бүлдіршін өзінің туған қарындасы, 3 айлық нәрестені пышақтаған. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға салдарынан үш айлық сәби пышақ жарақатынан көз жұмды.
«Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша баланы өлтіру бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейтінін» хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
JQ-aqparat