jasqazaq.kz

5G жиілігіне арналған аукцион жеңімпаздары анықталды

26 желтоқсан 2022, 17:32

5G жиілігіне арналған аукцион жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Келешекте 5G желісінің негізгі қолданушылары мүдделі тұлғалардың ішінен анықталады. Бұл — жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері. Бұл – өте көп видео қарайтын, жақсы, сапалы байланысты қажет ететін әлеуметтік желі қолданушылары. Халықаралық зерттеу мобильді технологияларды енгізу қарқыны мен халық пен бизнестің экономикалық белсенділігінің тікелей байланысы бар екендігін көрсетіп отыр. 4G технологиясын енгізген кезде және оның қарқынды дамыған уақытында халыққа, бизнеске қандай пайда әкелгенін көріп отырмыз. 2022 жылдың соңында республикалық маңызы бар үш қалада – Алматы, Астана және Шымкентте 5G желісін іске қосу жоспарланған. 2025 жылға дейін еліміздің барлық облыс орталығына желі таратылатын болады», — деді Асхат Оразбек Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, аукциондағы сауда-саттық қорытындысында 62,6 млрд теңге болатын №1 лотты, 93,4 млрд теңге болатын №2 «Мобайл телекомсервис» ЖШС мен «Кселл» АҚ консорциумы жеңіп алған. Жеңімпаздар төлем жасағаннан кейін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беріледі.

Бұған дейін елімізде тұңғыш рет 5G үшін ашық аукцион өтіп жатқанын жазған едік.

Жеңімпаз тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдегеннен кейін 3700-3800 МГЦ жиілігіне (100 МГЦ) ие болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде