jasqazaq.kz

500 мың еуро мұрадан дәмеленген қостанайлық әйел 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды

13 қантар 2023, 16:50

45 жастағы Қостанай тұрғыны қаскүнемдердің құрбаны болды. Олар 500 мың еуро мұраға қалғанын айтып сендіріп, әйелді сан соқтырып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтар әйелге мұраға қалған ақшаны алу үшін өзінің жеке деректері мен карта нөмірлерін жіберуі керек екенін айтқан.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі:

«Әйел алаяқтың айтқанын орындаймын деп 2,5 миллион теңгесінен айырылып қалған».

Сондай-ақ полициядағылар Рудныйда екі әйел өзін банктің күзетшісіміз деп таныстырған алаяқтардың айласына түсіп қалғанын хабарлады.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі:

«52 жастағы әйел жеке мәліметтерін берген соң, 174 мың теңгесінен айырылып қалды. Қаскүнемдер екінші әйелдің шотынан 700 мың теңге алып қана қоймай, оның атынан 3 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген».

Бұл факті бойынша, ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді